• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Иран 500 млн долларды құрайтын келісімге қол қойды 09.09.2014

Бүгін Астанада өткен шараға 250-ге жуық делегат, оның ішінде қазақстандық 100 және 100 ирандық компания өкілдері қатысты.

«Атап айтқанда, гидрометаллургиялық зауытын салу; мыс кен орынын ашуды қарастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы; Гулистан провинциясында  астық терминалын салу туралы; Оңтүстік Қазақстан облысындағы керамикалық зауыт ынтымақтастық туралы; сонымен бірге травертин өндіру жөнінде өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды», - делінген хабарламада.

Бизнес-форумда Қазақстан тарапы Иран делегациясын елде жүргізіліп жатқан индустрияландыру бағдарламасымен таныстырды және ирандық бизнес өкілдерін оны іске асыруға белсене қатысуға шақырды. Сонымен бірге Қазақстан тарапы оларға толықтай инвестициялық қолдау жасауға және жан-жақты септесуге әзір екендігін атап өтті. 


Back to the list