09.09.2014
Екі күнге созылатын Симпозиумде атом компанияларының көшбасшылары энергетикалық саясатты, физикалық және радиологиялық қауіпсіздікті, отын өндірісін, уран ресурстарын және қоғамдық пікірлерді талқылайтын болады.
Қазатомөнеркәсіп басшысы отын циклындағы компаниялар үшін негізгі қауіп-қатер мен мүмкіндіктерге арналған тақырыптық пікірсайысқа қатысады. Сонымен қатар, Нұрлан Қаппаров ядролық энергетиканың және атом энергиясын өнеркәсіптік пайдалану басталғанының 60 жылдығына арналған жеке кездесулерге барады. WNA-2014-дегі жеке сессия аясында сала мамандары ядролық индустрияның осы жылдар ішіндегі жұмысына қорытынды шығарып, ядролық технологияларды дамыту болашағын қарастырады.
Симпозиум маңызды мәселелер бойынша пікір алмасып, ынтымақтастықтың келешегін талқылау үшін дәстүрлі алаңға айналған. Биылғы Симпозиум барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы компанияның ядролық отын циклы саласындағы басты серіктестерімен кездесулер өткізуді де жоспарлаған.