• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Эквадордағы  Бүкіләлемдік кадеттер ойынында Қазақстан ҚҚ құрамасы бірінші орынға ие болды 09.09.2014

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы сапында Құрлық әскерлері Әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік инстиутының курсанттары мен ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы оқу-жаттығу орталықтарының спортшылары өнер көрсетті.

Әлемнің 25 елінен жиналған әскери қызметшілер бір аптадан астам уақыт бойы жүзу, атыс, әскери бессайыс, волейбол, әскери бағдарлау және жеңіл атлетика бойынша ептіліктерін, жылдамдықтары мен күштіліктерін сынға салды.

«10 шақыры қашықтыққа жүгіруде Спорт комитеті – ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының жеңіл атлетикадан штаттық командасының спортшысы қатардағы жауынгер Михаил Красилов алтын иеленді.Ол мәреге 12 секундта жетіп екінші орын алған эквадорлық Эдвин Моралестің алдын орады. Үшінші орынды перулік Нельфор Дайвис Ривера Варгас иеленді», - делінген хабарламада.

 


Back to the list