08.09.2014
Қазақстан Сенатының төрағасы Қазақстан мен Францияның түрлі салалардағы ынтымақтастығының қарқынды дамуына қанағаттанғандық білдірді. Парламентаралық байланыстарға қатысты Қ.Тоқаев екіжақты үнқатысуды кеңейту үшін екі елдің Парламенттерінде жұмыс істеп келе жатқан «Франция-Қазақстан» достық тобының әлеуетін белсенді дамыту қажет екенін атап өтті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан мен Франция депутаттарының өзара іс-қимылының зор маңызы бар.
А.Дюлэ сондай-ақ парламенттік ынтымақтастық топтарының өзара іс-қимылының маңызды екенін атап өтіп, қазақстандық сенаторларды Францияға келуге шақырды.
Жоғарғы Палатаның басшысы француз әріптестерін еліміздің жоғары заң шығару органының қызметі және Сенатқа сайлау науқанының барысы туралы хабардар етті.