08.09.2014
ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, сапар тамыз айында жүзеге асқан Рубцовск қаласы әкімшілігінің басшысы Владимир Ларинов пен Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовтың ынтымақтастық туралы келіссөзі аясында болды.
«Семей қаласының көркем және шығармашылық ұжымдары қала күніне орай Рубцовсктің тұрғындары үшін қазақ фольклорының сұлулығын, ән мен би, күй сынды өнерді ортаға салды. Ресейліктер «Кербез» этно-мәдени ансамблі, Достық инструменталды ансамблі, филармония әртістері мен атақты әншілердің өнеріне ынтық болды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қалада Семей қаласынан келген меймандарды футбол алаңында салтанатты түрде қарсы алды. Олар қаланың көрнекті жерлеіне барып, тарихынан сусындап, ақпарат алды.