08.09.2014
ІІМ-де хабарлағандай, отырыс жұмысында Достастық елдердегі ішкі істер министрліктерінің басшылары, ТМД елдерінің қатысушылары аумағындағы Ұйымдасқан қылмысқа және басқа да ауыр қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының (ҰҚҚКҮБ), сондай-ақ ТМД-дағы Атқарушы комитет пен Терроризмге қарсы орталығының басшы құрамы қатысты.
«Отырысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Қ.Қасымов ашты. Өз сөзінде министр төрағалық кезеңіндегі атқарылған жұмыстар, Бюроның жұмыстары, Астанадағы өткен ІІМК отырысындағы шешімдерді орындау мақсатында атқарылған шаралар, қылмысқа қарсы күрес бойынша Мемлекетаралық бағдарламаны, есірткінің заңсыз айналымы, терроризм мен экстремизм, адам саудасы, заңсыз көші-қон және басқа да ағымдағы мәселер туралы толыққанды ақпарат берді», - делінген хабарламада.
Кеңес Төрағасының өкілеттілігін Қырғызстан Республикасының ішкі істер министрі А.Ш. Сүраншиевке табыстай отырып, министр өзінің әріптестері - ТМД елдерінің қатысушылары – Ішкі істер министрлеріне, министрліктердің аппараттарына, сондай-ақ ҰҚҚКҮБ-ға бірлесе атқарылған және қолдау көрсеткендігі үшін ризашылығын білдірді және ІІМК жаңа Төрағасына ағымдағы кезеңде жемісті жұмыс атқаруын тіледі.
Отырыс қорытындысы бойынша трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресті белсеңдетуге бағытталған бірнеше шешімдер қабылданды.
Ішкі істер министрлерінің кездесуі достық атмосферасында, толық мәндегі өзара түсіністік пен өзара құрмет ағынында өтті.
ІІМК келесі отырысы 2015 жылы Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өту жоспарлануда.