08.09.2014
Қала әкімдігінде хабарлағандай, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем біріншілігінің мерейтойына 14 елдің 300-ден астам спортшысы қатысуда. Қазақстан жарысқа екі ерлер және тарихта алғаш рет әйелдер командасын қатыстырды. Алматы қаласына Ресей, Германия, Польша, Чехия, Украина, Оңтүстік Корей, Түркия және ТМД елдері спортшылары келді.
«Мен осы жарыстар Қазақстандағы өрт сөндіру - құтқару спорттың дамуына үлкен үлес қосатынына, осылайша салауатты өмір салтын насихаттау мен біздің елдегі жас ұрпақ арасында спорттың осы түріне қызығушылықты арттыруға ықпал ететіне сенемін», - деп Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов атап өтті.
Жарыс бағдарламасында шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-қабатына (ерлер) және 2-қабатына (әйелдер) көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақты жүгіріп өту, 4х100 метр эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаю болды.