• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандық делегация НАТО Саммитіне қатысты 05.09.2014

«Ауғанстанға арналған арнайы отырыс жұмысына ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Волков бастаған Қазақстан Республикасы делегациясы қатысты», - деп хабарлайды ҚР СІМ.

Өз сөзінде А.Волков Қазақстанның Ауғанстанды тұрақтандыру мен экономикалық аяққа тұруына бағытталған ортақ жұмыстарға қосқан үлесін атап өтті.

Аталмыш кездесудің маңызды нәтижесінің бірі ретінле НАТО-ның 2014 жылдан кейін Ауғанстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі толықтай жауапкершілікті өз мойнына алатын ауған қауіпсіздік күштеріне материалдық-техникалық қолдау көрсету, кеңес беру мен оқытуға мүмкіндік беретін «Нақты қолдау» ретіндегі Ауғанстан Ислам Республикасына НАТО-ның жаңа әскери емес операциясы аясындағы қауіпсіздік күштеріне қолдау көрсету туралы шешімі болды.

Сонымен қатар, саммит аясында қазақстандық делегация басшысының екі елдің өкілдері, соның ішінде Ұлыбританияның сыртқы істер министрі орынбасары Тобиас Элвудпен кездесуі өтіп, онда екіжақты ынтымақтастық мәселесі сөз болды.


Back to the list