05.09.2014
Жүздесу барысында Сенат Төрағасы Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық әріптестікті дамытуға зор маңыз беретінін атап өтіп, осы сапардың екіжақты ынтымақтастыққа қосымша серпін беретініне және парламентаралық байланыстарды нығайтатынына сенім білдірді.
« Конгресшілер егемендік жылдарындағы демократиялық реформаларды жүргізудегі және экономиканы дамытудағы Қазақстан қол жеткізген табыстарды атап өтіп, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екендіктерін айтты», - делінген хабарламада.