04.09.2014
«Қазіргі кезде Шанхай Ынтымақтастық ұйымы әлем бейбітшілігі, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосып отырған ірі құрылымдардың бірі ретінде халықаралық қауымдастықтар алдында танылды. Осынау маңызды реформалардың Қазақстан Республикасында өткізіліп отырғаны елдің әлемдік құқықтық кеңістіктегі сот жүйесінің интеграциясына үлкен маңыз беретінін білдірсе керек», - деді Қазақстан Республикасы Президенті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан адам құқығын сақтау мен құқық үстемдігін нығайтуда ШЫҰ мүше мемлекеттерінің сот органдары ынтымақтастығының қалыптасыуна айтарлықтай маңыз бөледі.
«Аталмыш жиын ШЫҰ елдерінің әділ сот мәселесінің өзекті тұстарын, құқық басымдылығын ілгерілету мен соттардың әділдігін қамтамасыз ету, ұйымға мүше мемлекеттердің осы саладағы ынтымақтастықтарын арттыруда нәтижесі диалог алаңына айналатынына сенімдімін. Мұндай шаралар өзара ынтымақтастықты қалыптастырудың тиімді құралы ретінде дәстүрге айналуы тиіс», - делінген Н.Назарбаев хабарламасында.
Камила Амирова