• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағаларының IX жиыны өтуде (ФОТО) 04.09.2014

Кездесу барысында, ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар тауар құнының кедендік құнын анықтау, некені айыру , алимент төлету, асырап алу туралы істер бойынша сот тәжірибесімен алмасу, өзара мойындау мен аталмыш істер санаты бойынша сот шешімдерін орындау, сот қызметін жетілдіу мен оны бағалау, теңестірілген сот басқару жүйесін құру, сотты іріктеу мен бекіту жүйесі, әділ сот ашықтығын қамтамасыз ету, сот қызметтерінде ақпараттық-коммуникацияны енгізу мәселесін талқылайды.

Сонымен қатар, семинар аясында терроризмге қарсы Жоғарғы сот қазыларының рөлі қарастырылмақ.

Мәселелерді талқылау қорытындысында Шанхай Ынтамақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағаларының кезекті IX жиынының құқық үстемдігін бірлесе ілгерілету мақсатында әріптестік пен өзара әрекетті күшейту және адам құқығын сақтау мен еркіндігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен үндеуіне қол қою жоспарланған.

Айта кету керек, аталмыш шара 2006 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келе жатыр.

Камила Амирова


Back to the list