04.09.2014
Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары Ұлттық Банк және «Исламдық қаржыны дамыту қауымдастығы» ЗТБ болды.
«KIFC жетекші халықаралық және отандық сарапшылар Қазақстан Республикасындағы исламдық қаржыландыруды дамытудың өзекті мәселелерін талқылайтын жыл сайынғы тұғырнама болып табылады», - делінген хабарламада.
KIFC шеңберінде Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды тиімді дамыту мақсатында жетілдірілуі және жақсартылуы қажет үш негізгі бағытты белгілеп берді: адами капитал; заңнаманы жетілдіру және исламдық қаржылық қызметтердің инфрақұрылымын құру; маркетинг және исламдық қаржыландыру нарығының қатысушыларын Қазақстанға тарту.
Ол Ұлттық Банктің Исламдық қаржыландыруды 2020 жылға дейінгі дамытудың жол картасында бекітіліп берілуі қажет қаржы нарығының қатысушыларынан ұсыныстарды қолдайтынын қоса айтты.
Осы саладағы жетекші сарапшылар Лондон Сити Лорд-мэрі Алдерман Фиона Вульф және Ұлыбритания Үкіметі Сауда және инвестициялар департаментінің жанындағы UK Trade & Investment) Исламдық қаржыландыру мәселелері жөніндегі кеңесші Шейх Билял Кхан KIFC шеңберінде ғаламдық исламдық қаржы орталығын, капиталдың исламдық нарығын және заңнаманы дамыту бойынша өз тәжірибесімен және жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар KIFC шеңберінде Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетовтің Лондон Сити Лорд-мэрі Алдерман Фиона Вульфпен екіжақты кездесуі өтті, оның шеңберінде мемлекеттік исламдық облигацияларды шығару, исламдық қаржыландыру жөніндегі бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, Ұлттық Банктің Ғаламдық исламдық қаржы және инвестициялар тобының (Global Islamic Finance and Investment Group) құрамына кіру саласындағы ынтымақтастық мәселелері және ҚР Ұлттық Банкінің Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығын дамыту жөніндегі жоспарлары талқыланды.
Конференцияның жұмысына ҚР Ұлттық Банкінің, Қаржылық қызметтер жөніндегі Исламдық кеңеске, ЕурАзЭҚ және ТМД-ға қатысушы елдердің орталық банктерінің, халықаралық қаржы институттарының және Қазақстан қаржы нарығының өкілдері қатысты.