• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
11-12 қыркүйекте Душанбеде ШЫҰ  мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтеді 03.09.2014

Саммитке ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттер өкілдері мен ШЫҰ диалогы бойынша әріптестер, сонымен қатар БҰҰ мен өзге де халықаралық ұйым өкілдері шақырылған. Олармен ШЫҰ ынтымақтастықтың  қалыптасқан қатынасын сақтайды, деп хабарлайды ұйымның ресми порталы.

Шара барысында ШЫҰ Іскерлік кеңесінің отырысын өткізу (10.09.2014 ж.), ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің отырысын (11.09.2014 г.), сонымен қатар ШЫҰ бизнес форумын өткізу (10.09.2014 г.) жоспарланған. Онда мүше мемлекеттер, бақылаушы мемлкеттер мен ШЫҰ диалогы бойынша әріптестердің іскерлік және қаржылық орталары өкілдері қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қыркүйегінен бастап Тәжікстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуші мемлекет болып табылады. Тәжікстанның төрағалық ету мерзімі «Ынтымақтастық, Бірлесе даму, Бірлесе гүлдену» ұранымен өтуде.

Жыл бойы Тәжікстан Республикасында басты шаралар жоспарына сай Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы, Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуі, қорғаныс министрлері жиыны, заңсыз есірткі айналымының жолын кесуге байланысты ШЫҰ мүше мемлекеттерінің құзіретті орган жетекшілерінің жиыны, мәдениет министрлері жиыны, сонымен қатар сараптамалық кездесулер өткізілді.


Back to the list