03.09.2014
«Біз Қазақстандық ғалымдармен жер сілкінісі табиғаты саласында әріптестік құрғымыз келеді. Дәстүрлі сейсмологиядан бөлек бізде космостық технологияларды пайдаланумен геологиялық зерттеудің үлкен қоры бар. Сонымен қатар, біз алдағы уақытта ақпаратпен және тәжірибемен алмасуға арналған республикадағы оқымыстылар толқынын дайындауға мүдделіміз. Менің ойымша, Қазақстан алдағы уақытта сейсмология саласындағы үздіктердің бірі бола алады», - дейді Джеймс Джексон.
Ғалымның айтуынша, заманауи ғылым жер сілкінісін болжай алмайды. Оның зардаптарының алдын алу шараларының бастысы сейсмологиялық ғимраттар салу, халықты, барлық құзіретті органдарды, қала қызметін жер сілкінісіне дайындау.
«Джеймс Джексон Алматы қаласы әкімдігімен Кембридж, Оксфорд пен ЮНЕСКО-ның қолдауымен 2015 жылы бірлесе сейсмология конференциясын өткізу ұсынысын тастады», - делінген хабарламада.
Алматы әкімі аталмыш бастаманы қолдай отырып сейсмология саласында қазақстандық және халықаралық сарапшылар арасында байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.