• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен  Венгрияның  ЖС  Төрағалары  сот  жүйесіндегі ынтымақтастықты талқылады 03.09.2014

Кездесудің алғашқы бөлігінде тараптар екі елдің қарым-қатынастары қарқынды әрі көп қырлы сипатта дамып келе жатқанын, Қазақстан мен Венгрияны ортақ тарих, мәдениеттер мен дәстүрлердің ұқсастығы жақындастыратынын атап өтті. Венгрия Қазақстанның Орталық Еуропадағы маңызды серіктесі болып саналады.

«Қ.Мәми Қазақстан мен Венгрияның судьялар одағы Халықаралық Судьялар қауымдастығының (ХСҚ) толыққанды мүшелері болып табылатынын атап өтіп, осы ұйым аясындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігіне назар аударды», - делінген хабарламада.

Тараптар бұл кездесудің екі елдің сот ісін жүргізу саласындағы жаңа тәсілдерді зерделеу, сондай-ақ сот саласын дамыту бойынша тәжірибе, ақпараттар және жетістіктерін алмасу тұрғысында маңызды екеніне және сот жүйесіндегі ынтымақтастықты нығайту қажеттігіне тоқталды.  

 


Back to the list