• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Бауырлас қалалар Өскемен төрінде өнер көрсетті 31.08.2014

Қалалар достастығы делегаттар алмасуға да мұрындық болды. Арасында шығармашылық және спорт ұжымдары бар. Сонымен қатар қала өмірі туралы көрме, әдеби, кино өнері, фото материалдардан тұратын бірлескен жобалар да қолға алынған, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Бүгінгі таңда Өскемен мен Беларусь Республикасының Бобруйск қаласы, РФ Алтай өңірінің Барнауыл қаласы, Израильдің Йокнеам қаласы, Оңтүстік Колреяның Каннын қаласы, Түркияның Бурса қаласы және ҚХР Иян және Чугунак қалалары арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.

Шара аясында Өскемен қаласы әкімі Темірбек Қасымжанов пен қала әкімдігі бөлімдерінің жетекшілері, қоғамдық бірлестік пен этномәдени бірлестік өкілдіктерінің фестивальға қатысушылар арасында кездесу ұйымдастырылды.


 


Back to the list