• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Невада-Семей» ХАҚ белсенділері Семейдегі онкологиялық диспансерде болды 29.08.2014

Онкологиялық диспансерді аралау барысында мекеме директоры Марат Сандыбаев делегаттарға алдағы күзде Ядролық медицина орталығының ашылуы жоспарланып отырғанын айтты. Оның құрылысы алдағы күзде толықтай аяқталады деп күтілуде.

«Осы жерде бейбіт атом медицина мен денсаулық сақтау саласына қызмет ететін болады. Осы үшін орталыққа мемлекет тарапынан жаңа құрылғылар алынып, мамандар оқытылды», - дейді диспансер директоры.

Айта кету керек, Семейдегі өңірлік онкологиялық диспансер МАГАТЭ-мен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ол мекеменің заманауи сәулелік құрылғылармен қамамасыз етілуіне үлкен көмек берген. 2 жылда  МАГАТЭ және ҚР Атом энергетикасы комитетімен бірлесіп 2 жоба іске асырылды. Атап айтар болсақ оның бірі Семей қаласындағы онкологиялық диспансерде ядролық медицина бөлімін құру. Аталмыш орталық осы өңірдік диспансер базасынжағы радиациялық онкологияның жоғары мамандандырылған орталығының бір бөлігі болмақ.


Back to the list