• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
4 қыркүйекте ШЫҰ мүше-мемлекеттері Жоғарғы сот төрағаларының тоғызыншы кеңесі өтеді 28.08.2014

Ведомствода хабарлағандай, отырыста соттар қызметін жетілдіру мен бағалау, судьяларды іріктеу мен тағайындау, сот төрелігінің ашықтығы, сот өндірісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселелерін, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асырудың бірқатар практикалық мәселелерін талқылау жоспарланған. Терроризммен күрестегі жоғарғы сот судьяларының рөлі жеке семинар аясында қаралатын болады.

Отырыс қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше елдердің Жоғарғы Сот Төрағаларының құқық үстемдігін бірлесе ілгерілету, сондай-ақ адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау мақсатында Өзара іс-қимыл мен серіктестікті күшейту жөніндегі бірлескен мәлімдемесіне қол қойылады деп күтілуде. 

 


Back to the list