27.08.2014
«Дәл осы күндері біз «Невада-Семей» қозғалысының 25 жылдығын атап өтудеміз. Қазақстан бүкіл әлемге бейбіт қарым-қатынас, ашықтық гүлденудің, өсіп өркендеудің жарқын негізі бола алатынын дәлелдеді», - деді өз сөзінде сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов.
Айта кетерлік жайт, IPPNW денсаулық сақтау ісі қызметкерлерінің бүкіләлемдік федерациясы, оның қызметі ядролық соғыстың қауіп-қатеріне қарсы қоғамдық пікірді жұмылдыруға және ядролық қарусыздануға көмек көрсетуге бағытталған. 1984 жылы өз қызметі үшін федерация ЮНЕСКО-ның сыйлығына ие болды, ал 1985 жылы «адамзат санасын бейбітшілік пайдасына бұруға және жұртшылықты дұрыс ақпараттандыру ісіндегі еңбегі үшін» Нобельдің Бейбітшілік сыйлығымен марапатталды. 1985 жылы ұйым қатарында әлемнің 41 елінен 135 мыңнан астам адам болса, 1990-шы жылдардың басында бұл қозғалыс 60 шақты елден 200 мыңнан астам адамды біріктірді. Бүгінде IPPNW қатарына 62 мемлекеттен дәрігерлердің топтары енеді.
Бұдан басқа, Конгресс осыған дейін АҚШ (1981,1996 және 2002), Канада (1988), Мексика (1993), Ұлыбритании (1982), Нидерланды (1983), Финляндия (1984), Венгрия (1985), Германия (1986), КСРО (1987), Швеция (1991), Франция (2000), Швейцария (2010), Жапония (1989, 2012), Австралия (1998), ҚХР (2004), Үндістан (2008) елдерінде өткізілген.
Индира Кауметова