26.08.2014
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, 29 тамызға дейін өтетін шараға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Қарулы күштерінің бөлімшелері қатысады.
Майор Кирилл Ложкин бастаған десанттық-шабуылдаушы батальон мен полковник Тұралы Қойшықұловтың басшылығымен майдандық және әскери-көлік авиациясының буыны Қазақстанның Қарулы күштерінің атынан шығады.
Қазақстандық делегацияның басшысы генерал-майор Мұқан Дүйсекеев «оқу-жаттығу барысында коалициялық түрішілік топтарды басқару әдістері мен машықтары орнатылатыны, соның арқасында жауынгерлерді даярлауда даярлауда тәжірибе алмасу үшін жақсы мүмкіндік екенін» атап өтті.
М.Дүйсекеевтің пікірінше, «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер тәжірибе алмасу ынтымақтастығының жоғары деңгейін көрсетіп, әскерлеріміз өзінің далалық және ұшу машықтарын арттырады».
«Авиаторларымыздың қатарында жас ұшқыштар мен штурмандар да баршылық. Олардың көлемді оқу-жаттығуларға қатысулары кәсіби даярлықтарын арттыруда маңызды орын алады. Себебі, экипаждар көпұлтты контингенттердің құрамында ату мәселелерін орындайды, жеке құрамның десанттауы және әуе барлауы жүзеге асырылады», - деді ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов сөз барысында.
Оқу-жаттығулар барысын жариялау үшін Ұйымға мүше мемлекеттерден 50-ден астам БАҚ өкілдері шақырылған.