22.08.2014
Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, оқу-жаттығудың белсенді кезеңіне ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, сондай-ақ РФ Қорғаныс министрінің бірінші орынбасар армия генералы Аркадий Бахин, Армения қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Давид Тоноян, Беларусь ҚК Бас штабының бастығы генерал-майор Олег Белоконев қатысты.
Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия аймағында ҰҚШҰ ҰЖДҚК контингенттерін қолдану жөніндегі ірі ауқымды маневрлерге Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан 3000-ға жуық әскери қызметші тартылған.
«Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҰҚШҰ шеңберіндегі коалициялық өзара іс-қимыл мәселелеріне үлкен көңіл бөледі», - деді С .Ахметов.
Ол Ұйым әскери құраушысының қарқынды дамып келе жатқанын және Ұжымдық жедел ден қою күштерінің Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жауапкершілік аймағында ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролін атап өтті.
Айта кетейік, «Өзара іс-қимыл-2014» оқу-жаттығуы ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің әскери саладағы ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және геосаяси сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру жөніндегі ҰЖДҚК контингенттерінің мүмкіндіктерін арттырады.