• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан АӨСШК-нің одан әрі институционалды нығаюын маңызды деп есептейді – СІМ 22.08.2014

Ведомствода хабарлағандай, қазақстандық тарап АӨСШК-ны институционалды түрде нығайтудың маңыздылығын және оның аясында барлық тараптардың мүдделерін ескере отырып, Азиядағы қауіпсіздік пен даму жөніндегі Ұйым құру қажеттілігін атап өтті.

Кездесу барысында АӨСШК өлшеміндегі сенім шараларын нығайту мәселелеріне аса назар аударылды. Атап айтқанда, Министр сұхбаттасын ү.ж. қазан айында АӨСШК әскери сарапшыларының кездесуі мен олардың Астана қаласында орналасқан әскери базаларға сапарлары туралы ақпараттандырды.

Сондай-ақ, жақын арада АӨСШК Хатшылығының Астанаға көшуі мен елордада 5 қазанда АӨСШК күніне арнап, ресми іс-шаралар өткізу мәселесі қарастырылды.

 


Back to the list