19.08.2014
ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі А.Оспанов кездесу қатысушылары алдында сөз сөйлеп, Қазақстанда инвестициялық климатты жақсарту, инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер енгізу және визалық тәртіпті жеңілдету бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы баяндады. Ол қазақстандық-украиналық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың болашағына ерекше назар аударып, украиндық компанияларды қазақстандық нарықта белсендірек жұмыс істеуге шақырды.
Киев қаласының сауда-өнеркәсіптік палатасының Президенті Н.Засульский Украинаның сауда серіктестерінің қатарында Қазақстан Республикасы ТМД елдері бойыша 3-ші орында және сауда мемлекет-серіктестері арасында 8-ші орында тұрғанын айтты. Сонымен қатар, Украинаны Қазақстан серіктестермен іскерлік қатынастар ғана емес, достық қарым-қатынастар да байланыстыратынын атап кетті.
«Іс-шара шеңберінде «ҚазЭкспортГарант» АҚ мен Украинаның жетекші сақтандыру компаниясы «Еуропалық сақтандыру альянсы» арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды», - делінген хабарламада.