15.08.2014
Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, сапар аясында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Әскери-өнеркәсіптік комиссияның, Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, «Ростехнологии» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесулер жоспарланған.
Келіссөздерде әскери-техникалық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту, ҚР мен РФ қорғаныс өнеркәсібі кешендерін дамыту, екі ел қарулы күштерін қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланатын болады.