• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Бельгия СҚО-мен ауыл шаруашылығы және энергия үнемдеу саласында ынтымақтастық жүргізуге ниетті 14.08.2014

СҚО мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 2013 жылы 9 млн. АКШ долларына жеткен. Оның 4,8 млн. доллары экспортты құрайды.

 «Бельгиямен ынтымақтастығымыздың оңға басып отырғандығы қуантады. Бүгiнде елiмiзде кәсiпкерлiктi дамытуға ерекше көңiл бөлiнiп отыр. Үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының арқасында бiз ендi 100 ден аса жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Сондықтан, Бельгия тарапымен әрiптестiкте жұмыс iстеуге әзiрмiз», — облыс әкімі дедi.

Өз кезегiнде Мишель Петерманс Қазақстанның дамуына, Астананың өсу қарқынына өз бағасын бердi. «Осындай сапарлардың арқасында бiз өзiмiздiң кәсiпкерлерге сiздер туралы ақпарат бере аламыз», — дедi Бельгия елшiсi.

Кездесу соңында екi тарап естелiк сыйлықтар тарту еттi.

 


Back to the list