• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Қазпошта»  БАӘ-нің поштасымен ынтымақтастық орнатады 13.08.2014

Әмірліктердің поштасы «Emirates Post», «Empost», Уолл-стрит биржа орталығы («Wall Street Exchange») және Электронды құжаттар орталығы («Electronic Documents Centre») деп аталатын төрт еншілес компаниядан тұрады. «Emirates Post Group» барлық еншілес компаниялардың ұзақ және орта мерзімді жоспарлауын басқарып, нақты қызмет көрсетуге қатысты инвестициялық жобалар мен бастамаларды іске асыру және оны басқаруға бақылау жасайды. «Emirates Post Group» еншілес компаниялардың қызметі мен инвестициялардың табыстылығына қол жеткізуге бағытталған операцияларға қолдау білдіреді.

Кездесу барысында тараптар «Қазпошта» АҚ мен «Emirates Post Group» арасында халықаралық сәлемдемелермен алмасуға қатысты Шарт, сондай-ақ Дүниежүзілік пошта одағының халықаралық қаржы жүйесімен электронды аударымдармен алмасу туралы Келісімге қол қою арқылы пошта байланысы саласында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға келісті.


Back to the list