12.08.2014
«Бейбіт миссия – 2014» Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қарулы күштерінің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2014 жылғы даярлық Жоспарына және ШОС шеңберіндегі Келісімдерге сәйкес 2014 жылғы
24-29 тамыз аралығында Қытай Халық Республикасының «Чжужихе» полигонында өтеді.
Оқу-жаттығу бірнеше кезеңнен тұрады. Онда жеке құрамға таулы жерлер мен елді мекенде заңсыз қаруланған құралымдармен тактикалық күрес эпизодтары жүзеге асырылады.
««Бейбіт миссия – 2014» оқу-жаттығуына Қазақстан Қарулы Күштерінен Аэроұтқыр әскерлерінің десантты-шабуылдаушы батальоны мен Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қатысады», - делінген хабарламада.
«Бейбіт миссия – 2014» оқу-жаттығуының ресми ашылуы 2014 жылғы 24 тамызда өтеді.