12.08.2014
"Екі ел арасындағы заманауи қарым-қатынасты тұрақты дамып кел жатыр деп сипаттауға болады. Әрине, тұрақты өсімнің басты факторы екі ел арасындағы сенімдік, саяси достық диалог. Оны өз кезегінде Қазақстан мен Түрікменстанның президенттері орната білді ",- деп кездесу барысында атап өтті Р. Мередов.
Оның айтуынша, Қазақстанның СІМ келіссөздер аясында тараптар күн тәртібіндегі екі-жақты қарым-қатынас мәселесін жан-жақты талқылады.
"Менің сапарымның басты мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылдың күзіндегі Түріксменстанға ресми сапарына дайындалу. Мен бұл сапар Қазақстан мен Түркменстан арасындағы достық қатынастың одан ары нығаятынына сенімдімін",- деді ол.
"Біздің арамыздағы байланыс екі жақты форматта және көп жақты алаңда да орнатылған. Олар сауда-экономикалық байланыстар деуге болады, ол бүгінде одан ары дамуды қажет етуде және біз бұл туралы пікір алмасудамыз ",- деп сендірді Мередов.
Мадина Нұрбекова
Суретті түсірген Азамат Әлиев