08.08.2014
Қазақстан мен Швеция арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 ж. орнатылды. Швецияның ҚР-дағы тұңғыш Елшісі ретінде Маннэ Вэнгборгтың Қазақстанға 2010 жылы келуі Қазақстан мен Швецияның екіжақты қатынастарының жаңа бетін ашты.
Оның Елші лауазымда қызмет етуі барысында елдеріміз арасындағы саяси сұхбатқа және сауда-экономикалық ықпалдастықтың кеңеюіне жаңа серпін берген саяси көптеген мәнді шаралар өтті.
«Бүгінгі таңда телекоммуникация, денсаулық сақтау, «жасыл» технологиялар, қоршаған ортаны қорғау салаларында қатынастар дамуының қарқындауын, сонымен қатар Қазақстан мен Швеция жекеменшік секторларының өзара тікелей орнаған байланыстарын атап өтуге болады. Осыны дәлелдейтін мысал – соңғы үш жыл ішінде Солтүстік Еуропа елдер арасында Швецияның Қазақстанның екінші сауда серіктесі болып табылуы», - делінген хабарламада.