08.08.2014
Ведомство хабарлағандай, меморандум мәні ISO стандарттарын әзірлеуге олардың қатысуына байланысты Орталық ISO хатшылығының сарапшылары мен KAZMEMST персоналының оқу бағдарламасы үшін жағдай жасау болып табылады. Меморандум бойынша, ISO сондай-ақ өнімнің, менеджменттің және еңбек қатынастарының сапасы халықаралық нормаларының сәйкестігіне әкелетін 2016-2020 жж арналған ISO стратегиясын кешендік енгізу саласында консультациялық қолдауды көрсетеді. Меморандум қазақстандық тұтынушыларға, сарапшыларға ИСО базасымен жұмыс істеуге, сондай-ақ халықаралық стандарттарды әзірлеуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді.
Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO) мен ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің ұсынуымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ұйымдастырған Орталық Азияның, Шығыс және Орталық Еуропаның стандарттау жөніндегі ұлттық органдардың басшылық ететін атқарушы директорларының үш күндік ISO форумының іскерлік бағдарламасы шеңберінде құжатқа қол қойылды.
Айта кетейік, ISO (Халықаралық стандарттау ұйымы) халықаралық стандарттарды әзірлеумен және жариялаумен айналысатын әлемдегі ең ірі ұйым болып табылады. Ол әр елден бір мүшеден, 163 елден тұратын стандарттау жөніндегі ұлттық органдардың желісін ұсынады. Барлық жүйені үйлестіретін Орталық Хатшылық Швейцарияның Женева қаласында.