07.08.2014
Тараптар екі елдің құқықтық саладағы жемісті ынтымақтастығын атап өтті. Кездесу барысында ерекше атап айтылғандай, Астанада қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт тұрғысынан трансұлттық қылмыстылықпен күрестегі ықпалдастықты күшейту қажеттілігі туындап отыр.
А.Дауылбаев Ресей Бас прокуратурасының басшылығына ЕЭО-дағы ынтымақтастық шеңберінде құқықтық саладағы қажетті құжаттар пакетіне қол қою мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
«Осы орайда пікір алмасу барысында халықаралық-құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейту және ықпалдастық тәртібін жеңілдету, сондай-ақ заңсыз көші-қон, есірткі қылмыстарымен күрес, діни экстремизм мен терроризм, киберқылмыстар, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы қылмыстарға тосқауыл қоюда күш жігерді шоғырландыру және бірлескен шешімдер іздеу мәселелері көтерілді», - делінген хабарламада.
Қазақстанның Бас Прокуроры ортақ шекараның болуы қылмыспен күрес барысында шекаралас аймақтардың прокуратура органдарының тығыз ықпалдастығын талап ететіндігін және екі елдің прокуратура органдары қызметінің басым бағыты екендігін атап өтті.