• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
6-7 тамызда РФ Сыртқы істер министрі  Қазақстанға ресми сапармен келеді 03.08.2014

 «Ү.ж. 6-7 тамызда Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстан Республикасына ресми сапары орын алады. Сапар елдің жетекші өндірістік орталығы – Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында өтеді.  Іс-шараның бағдарламасымен бірқатар қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорындарға бару көзделген», - делінген хабарламада.

Ресей сыртқы саяси ведомствосының басшының  сапары барысында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысовпен екіжақты келіссөздері жоспарланған, оның шеңберінде қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың саясат, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларында, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау көзделуде.


Back to the list