03.08.2014
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҰҚШҰ ҰЖДҚК бірлескен оқу-жаттығуы 2014 жылғы 18-22 тамыз аралығында «Спасск» полигонында өтеді. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қарулы күштерінің әскери контингенттері қатысады.
Оқу-жаттығу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер контингенттерінің басқару органдары мен әскерлері ҰҚШҰ ҰЖДҚК кұрамындағы контингенттерді Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңірінде қолдану мәселелерін пысықтайтын болады.
Оқу-жаттығуға қатысушылардың жалпы саны 3 мыңға жуық адамды құрайды. Сонымен қатар, оқу-жаттығуға 200-ден астам әскери техника және 30-ға жуық авиациялық техника қатысады.