• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Душанбеде ШЫҰ елдері   СІМ басшыларының Кеңесі өтті 31.07.2014

Келелі кеңеске Қазақстан Республикасының  Сыртқы істер министрі А. Мусинов,  Қытай Халық Республикасының  Сыртқы істер министрі Ван И, Қырғызстан Республикасының  Сыртқы істер министрі Э. Абдылдаев, Ресей Федерациясының  Сыртқы істер министрі С. Лавров, Тәжікстан Республикасының  Сыртқы істер министрі  С. Аслов, Өзбекстан Республикасының  Сыртқы істер министрі А. Камилов қатысты.

Бұдан басқа, алқа мәжілісіне ШЫҰ Бас хатшысы Д.Ф. Мезенцев пен ШЫҰ Терроризмге қарсы аймақтық құрылымының атқарушы комитетінің директоры Чжан Синьфэн қатысты.

Сонымен қатар, делегациялардың басшыларын Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады.

«ШЫҰ мүше мемлекет басшыларының 2014 жылдың 11-12 қыркүйек аралығында Душанбеде өтетін кездесуіне дайындық барысын делегаттар талқылады. Сондай-ақ, олар өзара ынтымақтастықты одан ары нығайту, халықаралық және аймақаралық істердегі ШЫҰ ролі мен орнын көтеру сыңды маңызды мәселелерді қарады», - делінген хабарламада. 


Back to the list