31.07.2014
Шараны ұйымдастырушылар Қытайдың БАҚ пен Шэнси провинциясының телерадиокомпаниясы, «Синьхуа» агенттігі, қытайдың ССТВ орталық мемлекеттік телеарнасы, «Гуаньмин» газеті, ҚХР халықаралық радиосы мен спутниктік «Феникс» арнасы.
Хабарламада айтылғандай, экспедиция Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеулерінің бастамасын қолдау мақсатында және мәдени және экономикалық байланыстарда өмір сүріп отырған халықтардың ынтымақтастығын нығайту үшін жасалынып отыр.
Шараны ұйымдастыру аясында әр елдің алдыңғы қатарлы оқымыстыларын, тарихшыларын, мәдениеттанушылары мен өнертанушыларын қатыстыру жоспарланып отыр. «Ұлы Жібек жолымен мың шақырым» халықаралық экспедициясы өңір елдерінің экономикасының ынтымақтастық диалогына айналмақ.
Шараның алғашқы белгілері 2014 жылдың 19-ы күні Сиань қаласынан бастау алды. Одан кейін бағыт бұрынғы жібек жолының сегіз елінің аумағымен өте отырып, соның ішінде Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Түркия, Грекия, Италия арқылы Римге табан тіремек.
Экспедиция Қазақстан аумағын 3-6 тамыз аралығында жүріп өтіп, осы уақыт аралығында Қазақстан туралы репортаждар сериясын дайындамақ. Сонымен қатар, онда атақты 50 қазақстандықтың сұхбаты да көрсетілмек.
Және де Алматыда «Ұлы Жібек жолының достастық пен ынтымақтастық өткелі» тақырыбында дөңгелек үстел өтпек.
Қазақстандық тараптан ұйымдастырушы ретінде Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясы бөлімшесі, Алматы облыстың өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның дүнгендер қауымдастығы, «Жаңа жібек жолы» халықаралық мәдени және экономикалық ынтымақтастық академиясы мен ҚР Еуро-Азиялық географиялық қауымдастық.