31.07.2014
ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, Б.Сапарбаев пен Штирия үкіметі басшысының орынбасары Христиан Бухманның арасында болған кездесу барысында ШҚО мен Штирияның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы толыққанды пікір алмасу өтіп, ынтымақтастықтың әр-алуан салаларында өңіраралық өзара іс-әрекеттің көкжиектері талқыланды.
Соның ішінде, экономика жүйелерінің ұқсастығы (автокөлік жасау, металлургия, туризм, энергияның балама көздері, экология, мәдениет, медицина және ауыл шаруашылығы) және екі өңірдің ғылыми-зерттеу орталықтарының жүйелері өзара тиімді байланыстарды орнатудың негізі бола алатыны атап өтілді.
Штирияның Экономика палатасы, Бизнесті шетелге тарту орталығы және Өнеркәсіп бірлестігінің басшыларымен кездесу барысында Б. Сапарбаев ШҚО экономикасына Штириядан инвестицияларды кең тартуға және озық технологияларды енгізуге мүдделі екендігін атап өтті. Экономиканың нақты салаларында ынтымақтастық орнату мақсатында жақын арада тараптардың мамандар делегацияларымен алмасу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Айта кетерлік жайт, "Andritz Energy & Environment" кәсіпорнында болу кезінде қазан, түтін газдан арындыру жиһазы, сондай-ақ ағаш қалдықтарын қайта өңдеу құралдарын сатып алу және орнату мәселелері талқыланды.
1,2 млн. халқы бар Штирия федералды жері Еуроодақтың ең серпінді даму үстіндегі өңірі болып табылады. Оның экономикасының негізі - өнеркәсіп және оның өнімінің үштен екісі экспортқа және халықаралық серіктестік