31.07.2014
Форум мақсаты – 2016-2020 жылдарға арналған ISO стратегиясы бойынша ұсыныстар дайындау, зияткерлік меншікті қорғау мәселесін қарау, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру, сонымен қатар ISO-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық нарықтық стратегиясын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау.
Форум жұмысына ISO бас хатшысы Роб Стил қатысады.
«Бұл шараға Румыния, Хорватия, Беларусь, Албания, Латвия, Литва, Әзірбайжан, Грузия мен өзге де мемлекеттердің техникалық реттеу және стандарттау саласының топ менеджерлері де қатыспақ», - делінген хабарламада.
Осындай деңгейдегі шараның Қазақстанда өткізілуі қазақстандық техникалық сарапшылардың халықаралық стандарттауға қатысуын жандандыру мен еліміздің осы саладаы имиджінің артуына жол ашпақ.