• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Канадалық компаниялар Қазақстанмен энергетика саласында ынтымақтастық құруға дайын 22.07.2014

Аталмыш сапар Канаданың халықаралық сауда-экономикалық және гуманитарлы байланыстарында маңызды рөл атқаратын канадалық провинциялар мен ҚР арасында ынтымақтастықты тереңдетудің болашағы зор екенін растады. Тараптар білім, энергетика, сондай-ақ Жаңа Шотландияның әлемдегі ең ірі теңізжайлардың бірі болып саналатын порттың қызметін қамтамасыз етудегі тәжірибесін ескере отырып, порттық басқару салаларында екі жақты ынтымақтастықты дамытуды мақсатқа сай келетінін атап өтті. Осыған орай Жаңа Шотландияның өкілдері Маңғыстау облысы және Ақтау қаласымен тығыз байланыстар орнатуға қызығушылықтарын білдірді.

«Болашақ энергиясы» тақырыбына Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі Жаңа Шотландия іскерлік топтары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сапар шеңберінде К.Жигалов баламалы энергия көздерін жасап шығарумен белсенді айналысатын «Minas Energy» және «Kaizer Meadow» компаниялары кәсіпорындарына барды. Компаниялардың басшылықтары қазақстандық серіктестермен энергетикалық мәселелердің кең спектрі бойынша бірге қызмет етуге дайын екенін білдірді.


Back to the list