17.07.2014
Кездесу барысында технологиялық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Корей орталығы қызметі аясындағы өзара мүддесін ілгерілету мен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.
Меморандум аясында тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу қызметтерін қамтамасы етіп, әріптестер іздестіру, сонымен қатар бірлескен инновациялық жобалырды қаржыландыру шешімдерін іске асыру, сарапшыларды, мамандарды және өзге де қызметкерлерді оқыту мен алмасу, инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту қарастырылған.
Корей ғылым және технология университеті студенттері теориялық қабілеттермен қатар Корей химия технологиясы институты, Корей энергетикалық зерттеулер институты, Корей биоғылым және биотехнологиялар ғылыми-зерттеу институты, Электроника және телекоммуникация институты секілді Тэджон қаласындағы инновациялық кластерде орналасқан алдыңғы қатарлы мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының зертханаларында іске асырылатын жобалар мен зерттеулерге қатысу арқылы тәжірибелік жұмыстарға да үйренеді.
Аталмыш университет АҚШ, Канада, Бразилия, Индонезия, Эфиопия, Нигерия, Вьетнаммен жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша әріптестік құрады. Биыл университет ТМД елдерімен, соның ішінде Қазақстанмен 2015 жылға студент қабылдауды жоспарлап отыр.