17.07.2014
«Келелі кеңестің нәтижесі бойынша көптеген ұсыныстар қабылданады. Шараның екінші күні аймақтық консультация шеңберінде пікір-талас өтеді. Оның нәтижесі бойынша әлемнің бес өңірі өз ұсыныстарын әзірлеп, олар соңғы жиналыста қаралып, қажетті деп табылғандары қабылданады», - деді Ә. Өтегенова.
Сонымен қатар ол, шараны өткізу бағдарламасы бойынша бірінші күні ЮНЕСКО-нің жергілікті бөлімдері арасындағы және Ұлттық комиссиямен өзара байланыс пен ынтымақтастық мәселелеріне қатысты үлкен сессия өтетінін тілге тиек етті.
«Сессия шеңберінде ЮНЕСКО-нің жергілікті бөлімдері арасындағы және Ұлттық комиссиямен өзара байланыс пен ынтымақтастық бойынша басшылары қайта қаралады. Бұл сессияның қорытындысы бойынша шешім қабылданып, ол келесі сессияның қаруын жіберіледі», - деп ол өз ойын толықтырды.
Сонымен қатар ол, мұндай жиналыстарды жылына бір рет өткізуді және оны ұйымдастыру құқығын жыл сайын бір мемлекетке беруді ұйымдастыруды көздеп отырмыз деп, атап өтті.
Камила Амирова