16.07.2014
Тараптардың әңгімесі күн тәртібіндегі халықаралық және екіжақты мәслелерге арналды. Аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық, Қырғызстанның Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одаққа енуі, қазақстандық-қырғызстандық сауда-экономикалық байланыстарды жандандыруда бірлесе жұмыс істеуге баса назар аударылды.
Қырғызстан Президенті өз елінің алдағы уақыттағы дамуына тоқталып, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді трақты өсіруін қамтамасыз еткен Президент Н.Ә.Назарбаевтың көрегенді көшбасшылығына жоғары баға берді. А.Атамбаевтың айтуынша, биылғы жылдың қарашасында Астанадғы қазақстандық әріптестерімен келіссөздер жүргізетуге ниетті екенін де айта кетті.
Өз кезегінде ҚР сыртқы істер министрі А.Атамбаевқа «Қазақстан-2050» Стратегиясына сай елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтары туралы баяндады. Сонымен қатар Қазақстан аймақтағы елдермен байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.