• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан ресейлік мұнайды ҚХР-ға тасымалдағаннан тұрақты табыс тауып отырады – МГМ 16.07.2014

Осы Келісімнің негізгі мақсаты Ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау үшін жағдай жасау болып табылады.

Бұл ретте, Заңды қабылдау Тараптардың уәкілетті ұйымдары арасында тасымалдау қызметтерін ұсынуға жасалған шартқа сәйкес мұнайды ұзақ мерзімді тасымалдауды жүзеге асыруға, бұл Қытай Халық Республикасына ресей мұнайын тасымалдаудан ұзақ мерзімді негізде тұрақты табыс алуға, сондай-ақ ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді және осы Келісімнен туындайтын құқықтық қатынастарға 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады, бұл мерзім аяқталған соң ол автоматты түрде 5 жылға ұзартылады.


Back to the list