16.07.2014
«Дөңгелек үстел» форматында өткен іс-шараға Канаданың Федералды Үкіметі мен Парламенті, Квебек провинциясының іскерлік топтары, соның ішінде әлемдегі жетекші әуе және машина жасаушы «Bombardier» компаниясы, инженерлік-құрылыс «Honco», «CSBI Inc.», «Hason-Steel», инвестициялық-консалтингтік «Desjardins Securities», «Salveo» топтары және тағы да басқа компаниялардың өкілдері қатысты.
Интерактивті диалог форматында іс-шараға қатысушылар Қазақстанның құрылып жатқан Еуразиялық экономикалық одақ нарығындағы маңызды рөлінің өсуін атап өтіп, инвесторлар үшін жаңа жеңілдіктер пакетін енгізу бойынша қазақстандық тараптың бастамаларын, соның ішінде ҚР экономикасына ең ірі инвесторлар үшін визалық режимді жеңілдету бойынша шешімін жоғары бағалады.
Бизнес-семинардың нәтижесінде диалогты жалғастыру және елімізге канадалық компаниялардың бірқатар іскерлік миссияларын бірлесе дайындық жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.