10.07.2014
Екіжақты экономикалық қатынастағы оң тенденцияға тоқтала келіп тараптар Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесі мен сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша парламентаралық комиссияның маңызына тоқталды. Экономикалық байланыстың жоғары қарқыны қазіргі таңдағы қазақстандық нарықта 200-ден астам осы елдің компаниясының жұмыс істеп жатқанынан көрінеді. ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2013 жылы екіжақты сауда көлемі 4,4 млрд долларға жетті, деп хабарлайды СІМ.
Баламалы қуат көздерін пайдаланатын технологияны ілгерілетудегі Швейцарияның рөлін ескере отырып Е.Ыдырысов Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Швейцарияның да белсенді ат салысуын сұрады.