09.07.2014
«Біздің мемлекеттік қызмет саласында жүргізіп жатқан реформаларға Тайланд Корольдігі қызығушылық туғызуда. Осыған орай Тайланд Корольдігінің делегациясы арнайы келіп отыр. Меморандум мемлекеттік қызмет саласында бірлескен зерттеулер жүргізуді көздейді», - дейді Ә.Бәйменов.
Айта өтейік, қазіргі уақытта хабқа 29 мемлекет қосылып, Қазақстанмен өзара тәжірибе алмасуда.
Сонымен қатар елімізде алғаш рет 2013 жылы мемлекеттік хаб құрылған болатын. Бұл хаб негізінен еліміздің аймақтары мен шет мемлекеттер арасында өзара тәжірибе алмасуды көздейді. Қазіргі уақытта хабқа 29 мемлекет қосылып, Қазақстанмен өзара тәжірибе алмасуда.
«Мемлекеттік қызметшілерді оқыту мен ақпарат алмасу арқылы тәжірибесімен алмасатын боламыз. Тайланд тарапы біздің мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік хабқа ерекше қызығушылық танытып отыр», - дейді Ә.Бәйменов.
Өз кезегінде тайланд тарабы қазақстанның мемлкеттік қызмет саласындағы «А» корпусына қызығушылық танытты
Индира Қауметова