08.07.2014
Ведомстводан хабарлағандай, осындай халықаралық курстар Германия, Чехия, Болгария, Литва елдерінде ашылған.
«Алматылық халықаралық курстың ерекшелігі ол орыс тілінде өтіп жатыр. Курсқа қатысушылар Болгария, Чехия, Украина, Грузия, Әзірбайжан, Беларусия, Армения, Молдова, Қазақстан мемлекеттерінің өкілдері», - делінген хабарламада.
Шараның негізгі мақсаты ХБРЯ бойынша халықаралық білім беру бағдарламасын зерттеу, аталмыш саладағы теориялық және тәжірибелік білімді беру, мамандарды әр елдің өз ерекшеліктеріне сәйкес даярлау, мемлекеттер арасындағы байланысты арттыру және жоғарғы деңгейге көтеру.
Айта кетерлік жайт, халықаралық курстар 2013 жылдың 15 қарашасында ҚР ТЖМ мен НАТО-ның Азаматтық қорғау тобы арасында қол қойылған меморандум шеңберінде жүзеге асырылуда.