• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО мен Алтай өңірінің бірлескен жобасы аясында қос елдің шекара аймағы зерттеледі 08.07.2014

ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлағандай, екі жақты келісім аясында бірқатар шаралар жоспарланған. Олардың ішінен шекаралас аймақтардың әлеуметтік-демографиялық куәлігін, БАҚ мониторинг жүргізу, аймақтық және аймақаралық аса күрделі проблемаларды анықтау және шешу сынды біртақатар шалаларды атап өтуге болады.

Жоба шеңберінде ШҚО мен Алтай өңірінің  Ішкі саясат басқармалары, «ШҚО-ның сараптама және болжау институты» ЖШС және Алтай мемлекеттік университеті  өзара ынтымақтастық туралы меморандумға отырды.

«ШҚО-ның сараптама және болжау институты осы салада зерттеу, мониторинг жүргізеді. Тіпті, жылсайын өңірдегі күрделі әлеуметтік мәселелер бойынша арнайы картаны жасақтайды. Біз енді - енді өзіміздің саламыз бойынша университеттермен, ғалымдармен, мекемелермен байланыс орната бастадық», - деді ШҚО-ның сараптама және болжау институтының директоры Олег Чернышов. 


Back to the list