07.07.2014
Венгр ғарышкері Қазақстан мен Венгрия арасындағы дамып келе жатқан ынтымақтастық туралы жан-жақты әңгімеледі. Атап айтар болсақ ол қос бауырлас мемлекеттің арасындағы мызғымас достықтың белгісі ретінде Венгрияның астанасы Будапешттегі Астана көшесінен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев ескерткішінің салынғаны мен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» кітабының венгр тіліне аударылғанын айтты.
Т.Мұсабаев өз кезегінде биыл Қазақстанда алғаш рет үш ғарыш аппаратының ұшырылғанын айта келіп, ғарыш аппараттарын жинау-сынау кешенін құру, Жерді қашықтықтан басқару жүйемсі мен Астанада Ұлттық ғарыш орталығының құрылсы секілді жобалар туралы баяндады.
Венгр ұшқышы ғарыш аппараттарын жинау-сынау кешенін құру жобасына қызығушылық танытып, ғылыми жобалар мен нано-спутниктер жобалары аясында қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастық құруға мүдделі екенін білдірді.