04.07.2014
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жапониялық делегацияның құрамында атом бомбасынан зардап шеккендерге арналған Нагасаки әлемінің Ұлттық Мемориалды кешенінің директорының орынбасары Юко Тахата, Жапон Халықаралық Ынтымақтастығы агенттігінің өкілі Митома Эйтаро мен Адам ресурсын дамыту бойынша қазақ-жапон орталығының директорының орынбасары Оразгалиева Ж.Б болды.
Кездесу барысында Юко Тахата Семей қаласында Хиросима мен Нагасакидағы атом зардаптарының құрбандарын еске алуға арналған көрме өткізуге қолдау көрсетуді өтінген Нагасаки әкімінің хатын оқыды.
Өз кезегінде Семей әкімі екі елдің ынтымақтастығын маңызына тоқталып, Семей қаласында Хиросима мен Нагасакидағы атом зардаптарының құрбандарын еске алуға арналған көрмені ұйымдастыруға қолдау көрсететінін айтты.
Сонымен қатар, қала әкімі халықаралық «Невада-Семей» ядроға қарсы қозғалысының 25 жылдығына арналған инвестициялық жобалар туралы айта кетті.
Кездесу барысында Жапониядан келген қонақтар 2005 жылдан бастап жыл сайын әр елдің қалаларында осындай шаралардың өткізіліп келе жатқанын айтты.
Жоспар бойынаш Қазақстандағы көрме Астана, Алматы мен Семейде өтпек,