• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Бас Прокурор мен ЕҚЫҰ Жоғарғы  комиссарының кездесуі өтті 23.06.2014

Бас Прокурор қонақты прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары, Қазақстанның адам құқықтарын қорғау кепілдемелерін күшейту саласында қабылдаған нақты шаралары жөнінде хабардар етті, деп Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында адам құқықтарын сақтаудың өзекті мәселелері бойынша сындарлы сұхбаттасу болды. Тілдер туралы заңдардың міндеттемелерін орындау, құқық қорғау қызметінде және сот жүргізу ісінде тілдерді қолдану мәселелері, сондай-ақ дискриминация мәселелері пікір алмасудағы басты тақырыпқа айналды.

А.Турс аталмыш кездесуді аса маңызды ретінде қарастыратындығын баса айтып, болып өткен сұхбатқа, сонымен қатар адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық пен белсенді өзара ықпалдастыққа ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ А.Дауылбаев Қазақстан Бас прокуратурасының осы бағыттағы диалогқа және бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендігін растады.

 


Back to the list